Әпкелі-сіңлілі Айжан мен Маржан таң атқаннан бері мерекелік торт пісіруге кірісті. Алдымен YouTube арнасындағы торт мәзірімен танысты. Сосын екеуі бірлесе дайындап, пешке салды. Пештегі торттың хош иісі бүкіл бөлмені шарпыды. Танауыңды жарар иіс шыққан сәтте Айжан сіңлісіне қарап:
– Бұл тортты жасаған негізі менмін. Менің үлесім өте көп. Сондықтан еңбек иесі – менмін! – деді.
Маржан да есесін жібермей:
– Мерекелік торт пісірейік деп идея тастаған – мен ғой. Сондықтан бұл тортта менің де үлесім бар, – деп қарсылық білдірді.
Екеуі бір-бірімен сөз таластырып жатқанда, пештегі торт күйіп, , бөлмеге күлімсі иіс әп дегенше тарап кетті.