Іңкәр қып осы көктем,
Көркіне мас қылатын.
Жүректі есі кеткен,
Жүз рет соқтыратын.
Қаның да тулап ағып,
Өзендей тасынатын.
Ұйқыңды ұрлап алып,
Өлердей басынатын.
Жұпарын шашқызып-ақ,
Басыңды идіретін.
Құшақтап тас қылып ап,
Жаныңды күйдіретін.
Гүлдерін қызыл-жасыл,
Кілем қып төсейтұғын.
Сезімнің шұғыласын,
Көсеу боп көсейтұғын.
Нотаның сан дауысын,
Құстарға салғызатын.
Арудың ар-намысын,
Жүрекке қалдыратын.
Осы көктем.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
3 / 5. Дауыс саны: 2