КӨБЕЛЕК. Гүлбақыт Қасен

Ақ гүлдерге ақ көбелек,
Көк гүлдерге көк көбелек,
Ұқсайды ғой бақшадағы,
Ұшып жүрген көп көбелек.

Суретші ме салған оны?
Гүлден әсем жаралған ба?
Қанатының сұлуын-ай,
Күн нұрынан нәр алған ба?

Түрлі түсті көбелектер,
Қол созамын достасуға,
Арманым көп, бірге ұшайық…
Қимай тұрмын қоштасуға.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

1 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған