Гүлбақыт Тоқтанқызы Қасен 1975 жылы Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультінде (1996 ж.), Ө. Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика академиясының заң факультетінде (2011 ж.) білім алған. Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1995-2008 ж.ж. мектепте мұғалім, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, колледжде директордың әдістеме жөніндегі орынбасары болды.
2008-2015 ж.ж. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасында бас маман, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерінде істеді.
2015-2020 жылдары Алматы облысы әкімдігі, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Жетісу облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас инспекторы болып жұмыс жасайды.
«Алуа» (2014 ж.), «Бақыт гүлі» (2015 ж.), «Құсқанаты» (2017 ж.), «Жүрегімнің хаттары» (2020 ж.) жыр жинақтары, «Күнтұмар-Айтұмар» (2019 ж.) атты қырғыз тіліндегі аударма кітабы шықты.
Өлеңдері қырғыз, әзербайжан, түрік, якут, орыс, қытай тіллеріне аударылған.
Тіл бақармасында қызметтке жүргенде «Жетісу» телеарнасында «Асыл сөз» зияткерлік бағдарламасын (2011-2014 жж.) ұйымдастырып жүргізді. Облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің лауреаты, Халықаралық Әлішер Науаи атындағы сыйлықтың иегері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Тәуелсіздікке 25 жыл, 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.