Шаранамнан шайқап алып арымды,
Бұл жалғанға қоя берді табыстап.
Шақтар кейде сыйласаңда барыңды,
Сорың келіп басып алар жаныштап.
Бірақ сенем құдыретіне құдайдың,
Жол көрсетіп, қиналғанда ап шығар.
Талай рет жолым болмай мұңайдым,
Сірә бұлда бұйырған бір бақ шығар.
Көздеріңнің болмағанмен тойымы,
Ақ жүрегің адалдықтан таймасын.
Ғұмыр кейде жағымпаздар ойыны,
Айласымен бірге ойлайтын пайдасын.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0