Қорадағы иттер сүйекке таласып қырықпышақ болды, жотадағы биттер жөңкіліп жорыққа шықты. Ызғыт бірінің шуылдаған дауысын естіп, екіншісінің қыбырлаған жүрісін сезіп жатыр. Басын көтерместен ызалана ырылдады. Оның ырылы тұла бойын мекендеген «тұрғындардың» жыбырын тоқтатқан жоқ. Керісінше, өршелене түскендей, жан-жақтан жапа тармағай…
Есболат Айдабосын
Соңғы намаз
Пештің желкесінде тұрған құманды құлағынан ұстады да кебісін сүйретіп тысқа шықты. Дала мақпал түннің құшағында маулығады. Жұлдыздар қара отқа жусаған қойдай қара аспанда жайылып жатыр. Ай жарықтық аяңдап барады, қой түгендеп жүрген қойшы секілді құдды… Қора жақта сиыр ыңыранып, жылқы…