Нұрахмет Ерден Қыдырбекұлы, 1999 жылы 4 қазанда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылында дүниеге келген. 2006-2017 жылдары Қарашілік орта мектебінде оқыды. 2017-2021 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Филиология факультетінде білім алды. Қазіргі таңда №20 Мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Шығармашылық жұмыстармен, соның ішінде зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. «Алаш арысы – Біләл Малдыбайұлы», «Ақмолалық Алаш зиялылары» кітабының авторы және «Біржан мен Сара айтысы» кітабын құрастырған.
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жыр жұлдызы Мағжан поэзиясы – ұлттық руханият негізі» атты халықаралық әдеби байқауының «Толқыннан толқын туады» номинациясы бойынша 3 – орын (Петропавл, 2018); Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Арманымның ақ құсы» атты облыстық мүшәйрадан 3 – орын (Көкшетау, 2019). «Ақмола – адалдық алаңы» атты қалалық ақындар мүшәйрасының 1 – орын иегері (Көкшетау, 2019);
Алматы облыстық «Ақ қауырсын – 2020» байқауының 3-орын иегері (Талдықорған, 2020 ж.); Республикалық «Біз Абай жолындамыз» атты эссе байқауының жеңімазы (Көкшетау, 2020 ж.); Ақмола облысы әкімінің жастарға арналған премиясының «Жас қалам» номинациясы бойынша жеңімпазы (Көкшетау, 2020 ж.); Ақмола облысы әкімінің шығармашылық тұлғаларға арналған «Құлагер» сыйлығының иегері (Көкшетау, 2020 ж.);
«Дәулеттен» ҚҚ ұйымдастырған Республикалық «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысының иегері (Нұр-Сұлтан, 2021); «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының жеңімпазы (Нұр-Сұлтан, 2021); ХІІІ ғылым апталығы аясында өткізілген ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы (Көкшетау, 2021); «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты республикалық жас қаламгерлер сайының «Ең үздік әңгіме» аталымы бойынша 2 орын иегері (Алматы, 2021 ж.).