Болады ғой жусаң да… Айдын Кәлімхан

Бірде Аякөз өңірінде тұратын бір жігіттің әкесі тоқсанға қараған жасында өмірден өтіпті. Қаралы шаңырақтағыларға алыс-жақынан ағайын – туыстары мен дос – жарандары ағылып келіп, көңіл айтып қайтып жатады. Сонда, елдің соңына ала келген сол жердің танымал адамдарының бірі Азанғали Тұраров деген ақсақал жігітке:
«Әкең өтті өмірден,
Жасы келіп тоқсанға.
Келген де бар бұл санға,
Келмеген бар бұл санға.

Енді әкең келмейді,
Тұлпар мініп қусаң да.
Ат шаптырып той жасап,
Болады ғой жусаң да» деген екен.

          
                  

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

1 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған