Жылдарға күндер ілесті,
Көнеде кепкен кенезем.
Жыр есті бөлек сыры ескі,
Сарғайған сары терезем.
Блок
Крестен түсіру. Әлихан Жақсылық
Қараңғы жерде де сенің бас ауыртатын мәселелерің таусылмайды. Жарыққа ұмтылған, жазықсыз саяси тұтқындардың рухына Шағын бөлме. Бір қапталда екі есікті шкаф, қарсыда шағын үстел мен орындық. Ортадағы керуерттің бас жағында тартпалы сөре. Винсенттің ес білгелі көргені осы заттар,…
Біз бақбақты ұшырдық. Сағыныш Намазшамова
Біз бақбақты ұшырдық, үрледік те,
Біз бақытты ұшырдық.
Білмедік пе?
Мен не жаздым сол күні күнделікке:
"Біз бірге өмір сүрдік пе, сүрмедік пе?"
… дейін. Сағыныш Намазшамова
Нөлден шексіздікке дейін,
Даналықтан ессіздікке дейін,
Сутектен уранға дейін,
Өлгеннен туғанға дейін,
Мәриям (әңгіме)
Таңғы ас ішіп отырған ерлі – зайыптылардың әңгімесінің арты аяқ астынан ұрысқа ұласты. – Сен ешнәрсені түсінбейсің, баланы музыкаға осы бастан беру керек – деді Ахан жақсы көңіл-күймен жайбарақат шәй әшіп отырған Сәулеге. «Сен ешнәрсе түсінбейсің» деген сөз аузынан шыға…
Қарақұрт (әңгіме)
Маң-маң басқан түйенің қос өркешіндей тау арасынан таң алакеуімде сығырайған күн шапағы сайын даланың ұйқысынан оята бастады. Құмырсқа атаулы тықырын білдірместен илеуінен шығып, еңбек майданына аттанды. Найза бойы көтерілгенде алтын шапақтың қуатты сәулесі сайын далада сағым ойнатты. Өрекпіген ыстық желдің…
ҚАСҚЫР ЕМГЕН КЕЙУАНА (Хикаят) Самал Шаймерденова
Пролог … Қазақ ықылым заманнан табиғатпен тығыз байланысты. Соққан желдің, толқыған көлдің, ұшқан құс пен жүгірген аңның тілін білген. Өзінен басқа тіршілік иелеріне құрметпен қарап, қасиетін ұққан, кие тұтқан. “Қасқыр емген кейуана” туралы аңызды естіген боларсыз?! Естісеңіз, жаңағы сөзіме дәлел…
Шаймерденова Самал
Шаймерденова Самал Зікірияқызы Қарадалада дүниеге келіп, сол мекенде мектеп бітірді. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филолгия факультетінің түлегі. Республикалық, Халықаралық газет-журналдарға еңбектері көптеп жарияланды. Самал, біраз үзілістен соң әдебиетке қарқынмен оралды. 2021 жылы “Іңкәр сезім” атты прозалық-поэзиялық кітабы жарық көрді.…
Сезбеймін «сиқырын» ғаламның
Сезбеймін «сиқырын» ғаламның,
Тағдырым – ұшында қаламның.
Тұтқыны боп өтем Өлеңнің…
Жарымын Жыр атты қағанның.
Сүрінсем – сын
Қиындықтар –
тиесілі еншім бе?
Айтшы, Тағдыр, жігер-күшім кемшін бе?
Жамап-жасқап білдіртпеймін жоғымды,
Сенім артам еңбек атты елшіме.
Жан ішінде жарық нұр
Жан ішінде жарық нұр,
Жан ішінде - рақат!
Жаннан шықса жарық нұр -
Бір апат...
Нем бар еді адам болып
Нем бар еді адам болып,
Нем бар еді ақын боп?..
Енді міне қаламда - қан,
Қамауда - жан,
Басымда - от.
Мен жаралған топырақ - Рух,
Мені туған анам - Ар,
Құлау түгіл сүрінуге,
жылауға да хақым жоқ.