Біз бақбақты ұшырдық, үрледік те,
Біз бақытты ұшырдық.
Білмедік пе?
Мен не жаздым сол күні күнделікке:
“Біз бірге өмір сүрдік пе, сүрмедік пе?”
Біз не көрдік гүлдердің күлтесінен?
Біз не ұқтық сөздердің тіркесінен?
Елегізген ізді енді таба алмаспыз,
Қырық құбылған тұрлаусыз құм төсінен.
Біз не айттық?
Біз тіпті айта алдық па?
Үйретті ме үрейлер қайсарлыққа.
Кездесуде күліп те күрсініп ап,
Қоштасуды қасқайып қарсы алдық па?!
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
3.8 / 5. Дауыс саны: 6