Асхат Өмірбай

Асхат Бақытұлы Өмірбаев 1982 жылы 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Осы өлкеде 1999 жылы Абай Құнанбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2004 жылы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдаған. 2014-2016 жылдары Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің магистратурасын бітірді.

Алматы облысы әкімінің қолдауымен «Мен сізге ғашықпын» атты прозалық кітабы (Алматы қаласы, «Полиграфкомбинат» баспасы, 2013 жыл) жарық көрген. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің (2009 жыл) жүлдегері. «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты республикалық «Үркер» журналының әдебиеттегі жастар шығармашылығын қолдау мақсатында жарияланған «Үркер – Үміт» бәйгесінің (2010 жыл) проза жанры бойынша 2 орын иегері. Алматы қаласында өткен республикалық «Алтын қалам» ұлттық әдеби жүлдесінің (2011 жыл) «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша жеңімпазы. ХVІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің (2013) дипломанты. республикалық-патриоттық әдеби «Ұлт болмысы журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына арнайы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым» атты қаламгерлер арасында өткен республикалық байқауда (2016 ж). проза жанры бойынша ынталандыру сыйлығын иеленді.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асында «Жетісу балалар кітапханасы» атты республикалық байқауда «Балаларға арналған үздік ертегілер» аталымы бойынша (2017 ж.) жеңімпаз атанды. Талдықорған қаласында өткен «Ақ қауырсын» облыс әкімінің әдеби жүлдесін сарапқа салған (2018 ж). «Мәңгілік елдің мұраты атты» әдеби байқауда проза аталымы бойынша 3 орын иеленді. «Eurasian creative guild London» (Еуразия өнер гилдиясы. Лондон) (2018 ж), Дүниежүзілік әдебиет пен өнер академиясының мүшесі (2019 ж).

Әңгіме, новеллалары республикалық «Қазақ әдебиет», «Ана тілі», «Қазақ», «Айқын», «Жас Алаш» газеті, «Қасым», «Жамбыл», «Мұқағали», «Үркер», «Балдырған», «Балапан әлемі», «Жыл он екі ай», «Бала би», «Ертегілер елінде», «Мөлдір бұлақ», «Жер жиһан» журналдары мен  облыстық «Жетісу», «Алатау», «Райымбек» «Білім шапағаты», қалалық «Семей таңы», аудандық «Қаратал», «Көксу таңы», қалалық «Талдықорған таңы», «Жетісу университеті» газеттерінде жарық көрген.

«Жақсы адам болғым келеді» 4 сыныпқа арналған «Өзін өзі тану» оқулығына енгізілді.  2018 жылы Алматы қаласындағы «Тоғанай Т» баспасынан «Кім ақылды атты» балаларға арналған ертегі кітабы жарық көрді. 2020 жылы Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Тіл – ғұмыр» атты облыстық қаламгерлер байқауында «Проза» аталымы бойынша 2 орынға ие болды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылыған «Тіл – ғұмыр» облыстық қаламгерлер байқауының  проза бәйгесінде 3 орынға ие болды. 2021 жылы Талдықорған қаласындағы Сүйінбай атындағы драма театрында өткен «Біз күткен көктем» атты іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. 2021 жылы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет пен өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу, мен насихаттау және архив ісінің іске асырылуын арттыру» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша «Жас жүрек кітабы» жарық көрді. 2021 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласында өткен  “Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі” шығармашылық байқауында «Әке, елге қайтайықшы!» әңгімесі балалар әдебиеті аталымы бойынша жеңімпаз атанып, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың грантына ие болды.  2022 жылы «ЗАҢ» «Медиа-корпорациясы» ЖШС мен Қызылорда облысы әкімдігі бірігіп ұйымдастырған Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалардың республикалық байқауында «Қылмыскердің күлкісі» атты шығармасы үздік деп танылып, бас жүлдегер атанды. 2023 жылы мамыр айында «Жетісу көктем» республикалық байқауында  Жұматай Жақыпбаев атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

    Ересектер мен балаларға арналған шығармалары ағылшын, орыс, неміс, монғол, саха, түрік, парсы тілдеріне аударылған.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған