Аршын Айдынбекұлы

Аршын Айдынбекұлы мектеп жасынан руханияттың алып діңгегі саналатын әдебиет әлеміне әуес болды. Абай, Шәкәрім оқуларының аудандық, облыстық, республикалық байқауларында топ жарып, мектеп оқушылары арасындағы жыр мүшәйраларда жүлдегер атанды. 2011 жылы «Тәуелсіздік-тірегім» атты шағын жыр жинағы жарық көрді.    

2013 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгері атанып, жас қаламгерлердің басын қосқан «Құлагер» әдеби клубына мүшелікке қабылданды. Білім ордасының қабырғасында жүріп, көптеген рухани-әдеби кештердің өтуіне атсалысты. Оқу орнында жарық көрген жас ақындардың өлеңдері топтасқан «Қауырсын қалам» атты жыр жинаққа шығармалары енді. Шығармашылық қабілеттің ықпалымен «Жас түлек» студенттік жастар театрының көркемдік жетекшісі болды. 2018 жылы өңірімізге белгілі «Мизам» әдеби клубы құрылған еді. Клубтың негізін қалаушылардың қатарында болып, жетекшілік қызмет атқарды.

2021 жылы Жетісу өңіріне ғана емес бүгінде республика көлемінде айшықты жұмыс атқарып жатқан «Janr» әдеби клуыбы құрылған еді. Сол клубтың мүшесі ретінде бірегей бастамалардың бел ортасында болып, әдеби кештерге бар ынтасымен үлес қосты. Елге танымал, қарымды қаламгерлердің басын қосқан бірлестік әдебиет көшінің ілгерілеуі жолында тынбай еңбек етіп келеді. 2022 жылы Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған қаламгерлер байқауының «ПОЭЗИЯ» аталымы бойынша бірінші орынға ие болып, «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесінің иегері атанды. Сол жылы күзде  жаңадан құрылған Жетісу облысының жалауын жықпай, Атырау қаласында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің басын қосқан  республикалық  Ж. Нәжімеденов оқуларының  бірінші орын иегері атанды.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған