Махимова Алтынай Құрманғазықызы 15 шілде 1996 жылы Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. «Janr» Жетісу әдеби клубының, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қазан аралығында «Дизайн» мамандығын тәмамдаған.
2015 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «Журналистика» мамандығын үздік бітіріп шықты.
2019 жылдан бері ЖШС Жетісу арнасында, Жетісу радио бөлімінде, Almatytv арнасында редактор, журналист, корреспондент, радиожүргізуші және қосалқы режиссер болып жұмыс атқарды.
2023 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде білім алып, «Филолог: Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқуын үздік бітіріп шықты.
Бүгінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің медиаорталық бөлімінде, «Жетісу университеті» газетінде орыс, қазақ редакторы қызметінде. Режиссура мен журналистикадан бөлек, ақын. Қазақ, орыс тілінде өлең, шығарма, детектив жазады. Сонымен қатар NewTimes.kz сайтының жеке корреспонденті, Janr.kz — әдеби-танымдық порталының бас редакторы.