Байбол Әлібек Уәлиханұлы ‒ жазушы, драматург, әдебиеттанушы-ғалым, аудармашы, алаштанушы, әдебиет сыншысы, лектор-ұстаз, республикалық әрі халықаралық әдеби байқаулардың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының, «Qyr balasy» ҚҚ, Қазақстан авторлары қоғамының, «Senimen bolashaq» РҚБ Сараптама кеңесінің, ҚР Ұлттық құндылықтар академиясының, «Janr» әдеби клубының мүшесі, магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты, 5әдеби-көркем («Теміржол вокзалы», «Құлдар патшалығы», «Ой ұшқындары», «Ғинаят», «Мұтылған»), 3 ғылыми кітап («Ақын Төребай Есқожаұлы», «Сейітбаттал Мұстафаұлы. Имам Ғазали», З. Кәрімханмен бірге құраст., «Қапез Байғабылұлы. Алаш қонған ақбоз үй», Е. Біләл, С. Айыпжанмен бірге құраст.), Scopus базасындағы 2, 20-ға жуық ғылыми (5-еуі ҚР ҒжЖБМ Білім саласын бақылау комитетінің тізіміндегі журналдарда жарияланған), 40-тан аса публицистикалық мақала авторы, 10 жинақтың құрастырушысы, Алматы қаласы әкімінің 3 дүркін және Тұңғыш Президент қорының стипендиаты. Ол 1987 жылы 3 қарашада Алматы облысы, Кеген ауданы, Үлкен Жалаңаш ауылында туған. Қазіргі кезде Алматы қаласында тұрады.
Академиялық білім деңгейін игерген: бакалавр (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), магистратура (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), докторантура (Абай атындағы ҚазҰПУ). М. Ломоносов атындағы ММУ Филология факультетінде (РФ, Мәскеу, 2017 ж.), Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің Қолданбалы ағылшын тілі және әдебиеттану кафедрасында (Өзбекстан, Ташкент, 2017 ж.), РХДУ Филология факультетінде (РФ, Мәскеу, 2021 ж.), Қырғыз-Түрік Манас университетінде (Қырғызстан, Бішкек, 2021 ж.), Эгей университеті Түркі әлемін зерттеу институтында (Түркия, Измир, 2023 ж.), Псков мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы және тілдік коммуникация институтында (РФ, Псков, 2023 ж.), Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (РФ, Санкт-Петербург, 2023 ж.), Помор университетінде (Польша, Слупск, 2023 ж.) тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын Республикалық «Қазақ әдебиеті» гәзетінде бастап, сонда Әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, кейін М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеген. Жалпы жұмыс өтілі ‒ 14 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі ‒ 7 жыл.
ҚР БҒМ«Қазақ фольклористикасының терминологиялық сөздігі: инновациялық тәсілдер мен жаңа бағыттар» (2017-2019 ж.), ҚР ҒЖБМ «Қазақстанның желілік әдебиеті: негізгі көркемдік тенденциялар» (AP13067661, 2022-2024 ж.), «Орта Азия әдебиеті: постколониализм эстетикасы және әдеби байланыстар» (АР13067896, 2022-2024 ж.) жобасының ғылыми қызметкері, «Жастардың Қазақстан интермедиалды кеңістігіндегі орны» (Абай атындағы ҚазҰПУ, 2019-2020 ж.) атты ғылыми жоба жетекшісі болды. 20-дан аса республикалық, 10-нан аса халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасаған, сондай-ақ 30-дан аса сертификат иегері, 4 жекелеген курстың авторы, Абай атындағы ҚазҰПУ Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі (Кеңес Төрағасы ‒ PhD доктор, постдокторант Лайсханов Ш.Ұ.).
Әлібек Байболдың драмалары мен аудармалары Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Кереку, Қарқаралы театрларында сахналануда. Көркем шығармалары «Қазақстан-Ресей», «Қазақстан-Беларусь», Словакия, Германия, Гүржістан (Грузия), Қырғызстан, Румыния, Чехия, Оңтүстік Корея, Литва әдеби альманахтарына енген. 2019 жылы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың инаугурациясына шақыртылған.
Марапаттары:
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Алғыс хаты» және «Алтын барыс» медалі (2023 ж.); «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл» медалі (2023 ж.); Б. Майлин атындағы медаль (2019 ж.); ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Алғыс хаты» (2018 ж.); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Алғыс хаты» (2020 ж.); Алматы қаласы әкімінің «Алғыс хаты» (2021 ж.); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.О. Балықбаевтың «Алғыс хаты» (2020 ж.); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Д.Н. Биляловтың «Алғыс хаты» (2022 ж.); ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директорының «Алғыс хаты» (2018 ж.); «Senimen bolashaq» ҚҚ медалі (2023 ж.).
Тамаша, керемет, қандай күшті жетістік, мықты ғылыми жетістігіі марапаттары да мол екен, ҚР ғылыми дамуына үлес қосқан ғалымның бірегейі өзің Әлібек БайболМолодец