Серік Қантай

Серік Құдайгенұлы Қантаев – 1994 жылы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылында дүниеге келген. Қабден Ақынов атындағы орта мектепті, Жетісу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Мектеп оқып жүргенде балалар мен жасөспірімдердің «Ұлан» газеті мен «Ақ Желкен» журналында жас тілші, қазақ тілді тұңғыш спорт порталы болған www.alaman.kz сайтында спорт шолушысы болды.  Жетісу облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі. Материалдары тұрақты түрде басылымдарда жарық көріп жүр, әңгімелері «Жауқазын жылда гүлдейді», «Жетісуға құйылған жылғалар», «Үркер» кітаптарына енген.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған