Азамат Нұрмұхан

Азамат Нұрмұхан 1984 жылы тамыз айының он жетісінде Жетісу облысы,  Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Қызылқайың ауылында орта мектепке бірінші сыныпқа барып, 1999 жылы тоғызыншы сыныпты бітірген соң, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында Кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түсіп, 2001 жылы Фермер-механик мамандығын алған.

2002 жылы Талдықорған қаласы Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжіне «Контрабас аспабы» мамандығына оқуға түсіп, 2004 жылы аталған мамандығым бойынша Алматы қаласы П. И. Чайковскии атындағы музыка колледжіне ауысып, аталған оқу орынын 2006 жылы бітіріп, сол жылы Астана қаласы, Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне, өз мамандығыммен оқуға түсіп, 2010 жылы тәмәмдады.

2005 жылы Отырар сазы оркестрінде, 2006 жылы Құрманғазы оркестрінде, 2007 жылы Астана қаласында Ақ жауын оркестрінде жұмыс жасады.

2014 жылдың Қараша айынан бастап, Жетісу облысы, Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармониясының, Мұқан Төлебаев атындағы Қазақ оркестрінде жұмыс істейді.

2008 жылы Астана қаласында өткен Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық мүшәйраның екінші орын иегері. Республикалық, облыстық, қалалық мүшәйралардың жеңімпазы. «Алғыс» жыр жинағының авторы.

Жетісу «JANR» әдеби клубының мүшесі. Өлеңдері «Тау мен Өзен» антологиясына, Республикалық ақындардың шыққан өлеңдер жинағына еніп, Қазақ әдебиеті, Үш қоңыр, Талдықорған газеттері мен журналдарында жарыққа шыққан. Әлеуметтік сайттарда жиі жарияланып тұрады. Облыс әкімінің алғыс хатымен, Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

5 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған