– Жүрек – құлып, ашыңдар, кілті кімде?
– Сан жұлдыздар қаптаған айлы Түнде.
– Жылап жатыр, сұмдық-ай, тездетіңдер,
– Таң боп қалды, табыңдар, шығар Күнде!
– Ақтар сырды әй, Жүрек құр өлерсің,
Өлең шықсын, ән болып, жыр өрерсің.
Тула қане, тасқында, бұлқыншы кеп,
Лаула, мазда, лапылда тұр сөнерсің.
– Жүрек шыда, өткінші, бәрі бекер,
Тар қапасқа қамалған талай «Көкең».
Сағың сынса жөндеуге келмей кетер,
Жамау жүрек онсызда қалай екен?!
– Өлмес Жүрек, өлмейді сенері көп,
Жүрек – құлып, ашпаңдар керегі жоқ.
Құпиясы ашылмай қала берсін,
Сұрақ белгі болсыншы леп белгі жоқ.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
4.7 / 5. Дауыс саны: 3