Асекең мен Әшекең. Ермахан Шайхыұлы

Қазақтың көрнекті сыншы-жазушысы Асқар Сүлейменов бір күні «Зерде» журналының бас редакторы, белгілі ақын Есенғали Раушановқа телефон соғады. Тұтқаны бас редактордың орынбасары Әшірбек Амангелдиев көтереді. – Алло, – дейді ар жақтағы дауыс. – Әу, – дейді Әшекең. – Есенғали бар ма? – Есенғали жоқ боп тұр. – Бұл кім? – дейді Әшекең. – Біреу ғой, – дейді ар жақтағы дауыс. – Ал сен кімсің? – Бұл да біреу ғой. – Қаршаңқы тілің бар екен. Қазір барамын. Сені көргім келіп тұр. – Келсеңіз, келіңіз, күтейін. Сәлден соң, Асекең кабинетке кіріп келеді де: – Жаңағы сен бе? – дейді. – Иә. – Мені танушы ма едің? – Естуім бар. – Дұрыс екен. – Мен өзі – жылқыны жақсы көретін қазақпын. Мына жылқының суреті бар плакатты берші. – Асеке, бәрі дұрыс қой. Бірақ ол ырымға жаман. Қазақ өлі атты сыйламаушы еді. Мен қалай беремін? Сонда Асекең Әшекеңнің сөз тапқанына риза болып: – Мен сөзден ұтылдым, – деп есіктен шығып жүре беріпті.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған