Үйге қырық қадам қалғанда… Айдын Кәлімхан

Дос-жарандарымен бір басқосудан арақ-шарапқа сылқия тойып қайтқан Серік деген ауылдасым жол-жөнекей тағы бір танысына жолыға қалыпты. Екеуі үйлеріне таяу маңдағы бір дәмханаға бұрылып, ішімдікті қайта жалғастырыпты. Әдетте ешкімнің қолын қайтармастан іше беретін Секең, бұл жолы өзін ұстап тартыншақтай беріпті. Таңырқай қараған жолдасы:
– Ішсеңші Секе, бір жерің ауырып отыр ма? – деп сұраса керек. Сонда Серік:
– Әй, осы ел үйден қырық қадам шыққанды мүсапір дейді, ал, мен, үйге қырық қадам қалғанда мүсәпірмін, – деген екен.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған