Жан ішінде жарық нұр

Жан ішінде жарық нұр,
Жан ішінде – рақат!
Жаннан шықса жарық нұр –
Бір апат…

Жан ішінде тажал жоқ,
Жан ішінде – көк өрім.
Жан ішінде ажал жоқ,
Жан ішінде жоқ өлім!

Тіршілігі – Тыныштық,
«Өмір!» – оның ұраны.
Тамырында бір ыстық
Лүпіл қағып тұрады!

Жан ішінде жоқ қайғы,
Жан ішінде жоқ шеңбер.
Өзін іздеп таппайды
Жаннан безіп кеткендер…

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

3.8 / 5. Дауыс саны: 4

One thought on “Жан ішінде жарық нұр”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған