Білесіз бе?
Сізді ерекше ұнатам!
Сүйіп тұрсам,
енді кімге кінә артам.
Кездеспей-ақ,
қойсақ қайтер еді, деп!
Үнсіз ғана өзімді-өзім жұбатам.
Содан бері,
Өзіңізге еркемін!
Сағынамын,
аңсап жылдам жетемін .
Қасыңызға келгеніме қуансам,
Қиналамын,
енді қалай кетемін!
Өмір деген,
сүю деген, ғажап-ақ!
Сансыз сұрақ ой-санамды мазалап,
Сіз сыйлаған махаббаттың күшімен,
Жатқандаймын жүрегімді тазалап!
Өмір деген майданында жорықтың,
Бақыт болып,
Арман болып жолықтың!
Сіз жоқ жерден,
құлазыдым,
қорықтым,
Енді, міне сіз болған соң,
көңілім шат толықпын.
Сіз маған
Сынағың ба күндерің үнсіз қалған,
Ашылмаған құпия сырсыз маған,
Тіл қатпауға келмейді әлім менің,
жүрсіз бе аман !!!
Болмайды ғой өмірде мінсіз адам,
Сәнді болмақ қалайша гүлсіз далам.
Адалдықтың симолы өзің ғана,
Қоғамымда осынау құнсыздаған
Жалықпадым сізге арнап гүл сызғаннан,
Күндеріңді тілеймін мұңсыз болған.
Жапырағы жанымның үзілгенше,
керексіз бір сіз маған!
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
5 / 5. Дауыс саны: 1