Тіл қатпауға жетбей бір батылдығым

Тіл қатпауға жетбей бір батылдығым,
Шар тарапты шарлаумен жатыр үнім.
Жұлдыздардан сұрадым көкте жанған,
Арман қуған түсінер ақын мұңын.

Айлы түндей жанарың жарық еді,
Көрген сәтте жанымды қарып еді.
Айдын көлін аңсаған Аққу қаздай,
Сағынышқа байладың тағы мені?

Түнегенсің түсіме түнде келіп,
Елесіңмен тілдесем күнде көріп.
Сақталасың төрінде жүрегімнің,
Қайырлмай кетсең де ірге бөліп.

Мен қімге дәл бұлай батыл келдім,,
Әу бастан-ақ, жаратқан ақыл бердің.
Жайлауына жанымның бүлік салдың,
Ештемеден хабарсыз жатыр едім!

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған