Шырылдайсың шаршамай,
Шырылыңды ұғар кім?
Қарғалардан болшы абай,
Бәсі басым бұлардың.
О, Бозторғай, Бозторғай!
Наурыз 2024
БІЛІМ ҚУҒАН ОЗА МА? Гүлбақыт Қасен
Доп ойнаған тоза ма?
Білім қуған оза ма?
Дос іздеймін ең жақсы
Кітап қолын соза ма?
ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ. Гүлбақыт Қасен
— Жаңа жыл келді!
— Қоян ба?
— Жатырсың неге оянбай?
Тұра ғой қәне, ерінбе,
Далаға шықшы ойланбай.
СЫЙЛЫҚ. Гүлбақыт Қасен
Атам маған сыйлыққа,
Қамшы берді бес өрім,
Тұлпар мініп күні ертең,
Батыр болып өсемін.
КӨБЕЛЕК. Гүлбақыт Қасен
Ақ гүлдерге ақ көбелек,
Көк гүлдерге көк көбелек,
Ұқсайды ғой бақшадағы,
Ұшып жүрген көп көбелек.
МЕНІҢ САРЫ БАЛАПАНЫМ. Гүлбақыт Қасен
Тек ойынға қызығады,
Ерке, тентек, бұзық әрі,
Менің сары балапаным.
Раушан коммунистің сіңлілері
Ауылдағы үйден шы¬ғып қаладағы баласының үйіне тіркеуге отырған апамыз «Алтын алқа» алу үшін тиісті орындарға құжат тапсыруға келген. Әкімшіліктегі қыздар, алқаңыз бір ай шамасында дайын болады, –депті. Әдетте асығыс-үсігіс аяқталатын таңғы шай апамның әңгімесінің қызығымен ұзаққа созылады. – Баяғыда «Алтын…
Сұлуға бауыр басқандар
(Алматына сағынғанда) – Маңғаз иә?..– Тәкаппар…– Сұлу болғасын тәкаппар болмауға бола ма?..– Кейде жаны жоқ сияқты.– Қайдам?.. Мұныңа қосылу қиын, тереңірек үңілген адам табар.– Үңілуге ниет болғанмен уақыт пен жағдай жетпей жүргендер қаншама…– Жәй ғана жанарына қарасаң бір нүктеге тоқтамай…
Бейсенханнан қалған белгі
– Қалың қалай? Сені көрмегелі көп болды, жұмысың жақсы ма? – Жүрмін сол, бұрынғы жұмыста. Қайынсіңлісін көрген сайын оның жалғыз жүргені Назеркенің жанына батады. Осыдан біраз жыл бұрын кіші енесінің қазасын естігенде, бас құрап алған өзге балаларынан гөрі осы Зирагүлге…
Ән мен Ана
Балаларымен бірге ауруханада жатқан көп әйелден осы келіншекті көзіндегі нұры тәуір-ақ ерекшелендіріп тұратын. Өзін-өзі ұстауы мен киім кию әдебінен аса бір даралық байқалмаса да, жанарының тұнықтығы оның бойында дәл осы ортада жоқ дарынның бар екенін аңғартатын. Алатаудың етегіндегі кішігірім кенттің…
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті…
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Жұмабай Шаштайұлы – ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған. Ол «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде,…
Асекең мен Әшекең. Ермахан Шайхыұлы
Қазақтың көрнекті сыншы-жазушысы Асқар Сүлейменов бір күні «Зерде» журналының бас редакторы, белгілі ақын Есенғали Раушановқа телефон соғады. Тұтқаны бас редактордың орынбасары Әшірбек Амангелдиев көтереді. – Алло, – дейді ар жақтағы дауыс. – Әу, – дейді Әшекең. – Есенғали бар ма?…