Мағрипа Сандуғаш

Мағрипа Сандуғаш 2005 жылы облыстық Абай оқуларында арнайы Алғыс хатпен марапатталған. 2006 жылы Республикалық М. Мақатаев атындағы рксаубликалық жас ақындар мүшәйрасында II дәрежелі дипломмен, 2009 жылы облыстық «Нұрлы көщ» және нұрлы тіл» мүшәйрасында III дәрежелі дипломмен, 2010 жылы «Поэзия менімен егіз бе едің» облыстық ақындар байқауында «Жас дарын» номинациясымен, 2012 жылы республикалық М. Мақатаев атындағы мүшәйрада Алғыс хатпен, 2015 жылы облыстық Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жыр мүшәйрасында ынталандыру жүлдесімен, 2016 жылы облыстық «Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі» облыстық жыр мүшәйрасында арнайы дипломмен,  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай М. Мақатаев шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен онлайн мүшәйрада III дәрежелі дипломмен, 2017 жылы Нұрсұлтан  қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік бесігі» атты облыстық мүшәйрада арнайы дипломмен, «Бақ қала – Талдықорған» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасында II дәрежелі дипломмен, Т. Молдағалиев шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық онлайн мүшайрада III дәрежелі дипломмен, 2018 жылы облыстық «Салт пен дістүр – дін тірегі» атты мүшәйрада II дәрежелі дипломмен, 2020 жылы Ж.Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай өткізілген «Жырлайды жүрек» атты облыстық мүшәйрада арнайы дипломмен, 2021 жылы М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» облыстық байқауында дипломмен марапатталған.

Өлеңдері «Әсем қала Талдықорған», «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Тәу мен Өзен жырлары»  жыр жинақтарына енген.

2019 жылы Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен «Балауса сезім» жыр жинағы жарық көрген.

Шығармалары


Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған