Жүрексіз жазу…

Бекер-ді
Түнектен түскен жарық ем,
Жырыма қосқан шекерді
Шашудан теріп алып ем.

Ғұмырым əнмен əуре еді
Құмырды тыңдай қалып ем..
Жырыма түскен сəулені
Көшіріп күннен алып ем.

Түндіктен жұлдыз тамыпты
Күн күткен шуақ талып ең…
Жырыма құйған жарықты
Жанымнан қиып алып ем.

Арманды құшқан кезім-ді
Жалғанға алау жағып ем,
Жырымда жүрген сезімді
Жүректен үзіп алып ем.

Еңсемнен баспай көш шемен
Кемсеңдей берме, сезім – гүл,
Қоламта…
Табы өшпеген
Өлең дегенім – өзім бұл!

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған