Дипломды жазған кім? Ермахан Шайхыұлы

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басы болса керек. Ол кезде жоғары оқу орындарында Коммунистік партияның көсемдері Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ильич Лениннен сілтеме жасалмай, бірде-бір диплом қорғалмайтын. Бұл – Леонид Ильич Брежневтің бүкіл мемлекет басшыларын қапсыра құшақтап, қос бетінен шөпілдетіп сүйіп, дәурені жүріп тұрған шақ. Сондықтан оның да өзі жазбаған, тіпті оқымаған еңбектерінен сілтеме жасауың қажет. Сондай тоқырау кезеңінде диплом қорғап жатқан Әбдіғани Қасымбеков деген студент бітіру жұмысында Брежневтің еңбектерінен көбірек сілтеме жасап жіберсе керек. Соны айтқысы келген белгілі фантаст-жазушы Абдулхамит Мархабаев сөз кезегі келгенде мінберге шығып тұрып: – Бұл дипломды жазған Брежнев пе, әлде Қасымбеков пе? Мен соны айыра алмай тұрмын, – дейді мемлекеттік комиссия мүшелеріне мысқылдай қарап. – Бәлкім, екеуі қосылып жазған шығар, – дейді комиссия мүшелерінің бірі Қабижан Құсайынов. Сонда Абдулхамит Мархабаев: – Бәлеге қалатын жайымыз жоқ. Онда жұмысты өте жоғары бағалауға тура келеді, – деген екен.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған